4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Мемлекетке 184 млн теңге шығын келтірген қылмыстық топ мүшелері сотталды

Салық төлеуден жалтару арқылы «Фирма Строинвест Астана» ЖШС, «Алад-Көкше» ЖШС мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден астам шығын келтірген,деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов атағандай, ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды берумен айналысқан ұйымдасқан топ құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ Көкшетау қаласында 2016 жылдың ақпан айынан 2019 жылдың шілде айына дейінгі аралықта өз қызметін жүзеге асырған кезеңде мүліктік пайда алу мақсатында контрагент кәсіпорындарға тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, бірнеше рет жалған шот-фактуралар берген, – деді Әбділов.
Ол атағандай, кейін заңсыз жолмен алынған қаражат ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында таратылған.
Салық төлеуден жалтару арқылы «Фирма Строинвест Астана» ЖШС, «Алад-Көкше» ЖШС мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Сот үкімімен кінәлілер жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы қылмыстық жолмен табылған сомадағы қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *