4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Кентауда теріс діни ағымды ұстанатын тұрғын ауласында есірткі өсірген

Түркістан облысында деструктивті діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап. Түркістан облысы полиця департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында есірткі затын сатады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол – деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткіге ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақ ретінде алынған шөп құрамында есірткісі бар «сора» болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *