4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

АҚШ–та көне динозаврдың қаңқасы 6 млн доллардан астам сомаға сатылды. Оны белгісіз біреу сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтемемен. Бейсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында горгозаврдың қаңқасы сатылымға шығарылды. Ол – жұртқа жақсы танымал тираннозавр рекстің алыс туысы болып есептеледі. Анонимді сатып алушы енді жойылып кеткен жыртқышқа қалаған есімін бере алады. Бұл жеке меншікке сатылымға шығарылған жалғыз жәдігер. Бүкіл әлемде бұндай сүйек қалдықтарының саны 20 ғана екені белгілі. Sotheby’s аукционына тарихта екінші рет қана динозавр сүйегі шығарылып отыр. Алғашқы Сью есімі берілген тираннозавр Чикагодағы жаратылыстану тарихы музейіне 1997 жылы 8,3 млн долларға сатылған еді. Горгозавр Жерде шамамен 77 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Басы, аузы үлкен, алдында екі қолы кішкентай болған. Динозаврдан кішірек болғанымен горгозавр тісі өткір, жылдам қимылдайтын болған. Сүйек Американың Монтана штатында табылған, 79 элементтен тұрады. Биіктігі – 3 метр, ұзындығы – 6,7 метр. Бірқатар мамандар динозавр сүйегінің жеке аукционда сатылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *