4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласының шеткі аймағын аяқ сумен қамту жақсарды

Қызылорда қаласының шет аймағындағы елді мекендерді аяқ сумен қамту жақсара түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қызылорда қаласы Сырдария өзені мен Оңжаға магистралдық каналы бойында орналасқан. Соған қарамастан облыс орталығын аяқ сумен қамту көрсеткіші төмен. Небәрі 30-35 пайызды ғана құрайды. Облыс орталығында ұзындығы 54,6 шақырымды құрайтын арық жүйесі бар. «Қызылорда қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Жібек жолы және Қызылжарма каналдарын күтіп ұстауға назар аударылуда. Алдағы уақытта «Қызылжарма» каналы арқылы қаланың КБИ, Коммунизм, Шанхай, Гагарин бөлігіндегі 40 мыңға жуық адам аяқ сумен қамтамасыз етіледі. Оған қоса аталған қажеттілікпен Қызылжарма ауылдық округіндегі 8 мыңға жуық адам қамтамасыз етіледі», – деп облыс әкімдігіненен. Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 2 техникалық су жинау ұңғымасын бұрғыланды. Бұл қаладағы көгалдандырылған аумақтар мен талдарды заманауи әдіс-тәсілді пайдалануға жол ашады. Сондай-ақ, көпқабатты үйлер ауласын аяқ сумен қамту арқылы гүлзарлар мен талдарға тамшылатып және жүйектеп суаруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, дәл осы секілді су жинау ұңғымасы бұған дейін де қала аумағында қолданылып, оң нәтижесін көрсеткен.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *