4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

2030 жылға дейін 13,5 млн қазақстандық газбен қамтылмақ

2030 жылға дейін қазақстандықтардың 65 пайызын газбен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Атамекен» ҰКП сілтеме жасап. Палата дерегіне сүйенсек, көгілдір отынға бірінші кезекте еліміздің орталық және солтүстік өңірлері қосылады. Жоспарға сай, газ өндіру көлемі артады. Яғни, бүгінгі 29,4 млрд текше метрден, 2030 жылға қарай 42 млрд текше метрге дейін. Сондай-ақ, көгілдір отын тасымалдауға арналған инфрақұрылымның 25 пайызы жөндеуден өтпек. «Жоспарға қарамастан, іс жүзінде өндірілетін шикі газдың үштен бірі оны өндіру ісінде энергия көзі ретінде қайта жұмсалатынын ұмытпаған жөн. Бұл орайда көгілдір отын өндіретін кәсіпорындардың техникалары мен қажетті құрал-жабдықтарына кететін энергияны басқа көздерден алуды қарастыру маңызды. Осылар жүйелі жолға қойылса, онда газ көлемін жылына 33 млрд текше метрге дейін арттыруға болады», – деді «Атамекен» палатасы базалық салалар департаментінің басқарушы директоры Дінмұхамед Құдайбергенов. Бұл бағыттағы жұмыстарды шешу үшін кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерін тартуды, оларды ынталандыру шараларын бекітуді ұсынып отыр.

️

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *