Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жаңа препаратты клиникалық хаттамаға енгізуді қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаментінің басшысы Бауыржан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Әлемде КВИ-ді емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар. Бірақ ол препараттар зерттеудің соңғы кезеңінен өткен жоқ. Дегенмен, бірқатар елдер кейбір дәрі-дәрмектерді шұғыл жағдайда қолдануға ұсыныс беріп отыр. Қазір бұл бағытта біздің клиникалық хаттаманы әзірлеуші мамандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыс нәтижесін жариялаймыз. Бір ай ішінде белгілі болып қалады», – деді Бауыржан Жүсіпов ОКҚ-де өткен брифингіде. Айта кетсек, қазір орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.
Related Posts
Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Құрметті кентаулықтар! Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды қадамдардың бірі – Құрылтай сайлауы. Бұл – халықтың ұсыныс-пікірін білдіруге, ел дамуына үлес қосатын…
Дауыс беруге санаулы күн қалды: жеті партия науқанның басты дебатында бас қосты
Құрылтай депутаттарының сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда сайлауалды үгіт-насихат кезеңінің соңғы күндерінің бірі өтіп, саяси партиялар өңірлердегі кездесулерін жалғастырды.…
6,5 млн тонна астықты экспортқа шығаруға мүмкіндік бар
Елімізде 95 пайыз егін жинап алынды. Қамба астыққа толды. Үкімет отырысында Асқар Маминнің өзі осылай сүйінші сұрады. Сұрайтындай жөні бар,…