Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Шұғыла шағын ауданының тұрғындары бір аптадан бері сусыз отыр

Шұғыла шағын ауданының тұрғындары бір аптадан бері сусыз отыр
19 июля, 2022
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
87
VIEWS

Кентау қаласындағы Шұғыла шағын ауданының тұрғындары бір аптадан бері сусыз отыр. Құдды бір сахарада жүргендейміз, бір жұтым ауыз суға зәру болдық дейді. Жаңа аудандағы құбыр ескі ме әлде жұмыс сапасыз ба? Бұл туралы әкімдіктеділер не дейді? Арнамыздың түсірілім тобы мән-жайды көріп қайтты.

Бір апта шомылып, кір жуудан қалдық. Осылай деген Кентау қаласындағы Шұғыла шағын ауданының тұрғындары арнамызға шағымданды. Айтуларынша, ішуге әрі тамақ істеуге қара суды жан-жақтан сатып алып, әрең күнелтіп жатыр.

БЕГІМХАН БАРШАБЕКОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Су мәселесін айта-айта ауыз шаршады дегендей, мұздай су жоқ. Су басқармасы, әкімдік тарапынан тарқатып жатқан суды да көрмедік. Мынау ыдысты көрдіңіз ба? Қаладағы үйден тасып жатырмын.

Әкімдік уақытша су таситын көлік жөнелткен екен. Алайда, оның өзі 30 литрден артық бермейміз деп тұрғындарды кері қайтарған. Тіпті, қалаған кезінде ғана келетін әдет шығарған. Амалы қалмаған тұрғындар бөлек адам жалдап, су тасытқан. Оның өзін 2500 теңгеге алып отыр. Аудан тұрғындарымен сөйлесіп жағдайды түсіндіруге келген әкімдік өкілдерін жұрт бірден жағасынан алды.

Көп ұзамай аудан тұрғындары жиналып, әкімдікке барды. Оларды бірден қабылдаған Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов барлық сауалға жауап берді. Оның айтуынша, мердігер компанияның да, сол кездегі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің де өз жұмысына салғырт қарағанын айтты. Соның зардабын тартып жатырмыз дейді.

РАШИД АЮПОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

— Біздің қазір қолымыздан келетіні – уақытша су қосып беру және жұмыстың орындалуын компаниядан талап ету. Мен бұл кісінің сөзіне сеніп, бағана айттым, кеше де айтқанмын. Осы кісілердің сөзіне сеніп, сіздерге уәде бердім. 15 майға дейін істеп беретін болған. Мына жігіттердің адамдарын таппай қалдық.

Қалалық әкімдік өкілдері мердігер компания жұмысының кепілдік мерзімі өтпегендіктен, барлық олқылықтарды жөндеуге міндеттеп отыр екен. Сондықтан, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ, сәл шыдаса болды дейді.

БАҒЛАН МАМАДАЛИЕВ «АЩЫСАЙ СУ» МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

— Құдай қаласа ертең 19-ы шілде, сағат сегізден бастап, сапалы түрде, дұрыс давлениесімен беріледі.

Мердігер компания өкілі де, өзінің қашып жүрмегенін, шарт бойынша барлық міндетін орындап, тұрғындар алдындағы борышын өтейтінін айтып ағынан жарылды. Тек екі ай шыдау керек дейді. Әйтпеген жағдайда, құбыр ай сайын бұзыла беретін болады.

АСЫЛ ЖАНТУРАЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

— Тесілген, жыртылған жерлерді жамаймыз кепілдік бойынша. Бұл жерде бірнеше себеп болған жарылуына. Соның барлығын мамандармен ақылдасып, бір ай-екі ай ішінде орнына қойып береміз.

Шұғыла шағын ауданында ауыз су жалғыз проблема емес. Одан бөлек, газ, қоқыс мәселелері де толық шешілмеген екен. Оның үстіне аудан жанында малдың өлексесінің иісі мүңкіп, демалудан қалдық дейді тұрғындар. Қала әкімі болса, бұл проблемалар да жақын арада шешімін табатынын айтты.

Алдыңғы жаңалық

Түркістандық саудагерлер әкімдікке наразы

Келесі жаңалық

Түркістанда кенеден келетін кесел өршіп тұр

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Түркістанда кенеден келетін кесел өршіп тұр

Түркістанда кенеден келетін кесел өршіп тұр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz