4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛГЕН ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ

“AМАNAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Оңтүстік өңірлік мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және қадағалау комитетінің төрағасы Дүйсенәлі Жүсіпов келіп, Сауран ауданы Оранғай елді мекенінде орналасқан 200 орындық облыстық оңалту орталығының құрылысы қашан аяқталатындығы турасында мәселе көтерген болатын.

Аталған мәселеге “AМАНАТ” партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының уақытша міндетін атқарушы П.Тұрсынбаев, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков және жауапты мамандар назар аударып, құрылыс нысанының сапалы болуын, құрылыстың жұмыс жоспарына сәйкес жүріп жатқандығын бақылау мақсатында, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Облыстық 200 орындық оңалту орталығы “AМАНАТ” партиясы Түркістан облысы Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында жоспарланған.

Құрылысқа жауапты “Шымкент құрылыс” ЖШС бас инженері Ғ.Шаймерденов, телім бастығы Д.Меңдібаев құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Құрылыс нысанына тапсырыс беруші мекеме Түркістан облысы «Құрылыс басқармасы». Мердігер мекеме «Шымкент Құрылыс» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС. Республикалық бюджет есебінен 2 млрд 900 млн теңге қаржы қаралған. Жалпы алаңы 2,8 гектарды құрайтын нысан пайдалануға 2023 жылдың желтоқсан айында беріледі деп жоспарлануда. Зерделеу барысында #AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін уақытша атқарушы П. Тұрсынбаев құрылыс жұмыстарын сапалы жасауды және кестеге сәйкес аяқтау үшін қосымша бригадаларды жұмысқа тарту керектігін жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *