4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Қарағандылық әйел жаңа туған сәбиін тастап кеткен

Қарағандыда белгісіз біреу үй ауласына жаңа туған сәбиді қорапқа салып, тастап кеткен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 шілдеде сағат 21.00-де Қарағандының орталық Полиция бөліміне қаладағы медициналық мекемелердің біріне көпқабатты үй ауласынан табылған жаңа туған сәби (ұл бала) жеткізілгені хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

“21 жастағы куәгер кешке үйдің кіреберісінен шығып, орындықтың маңынан көрпеге оралған сәби салынған қағаз қорапты көрген. Қыз оны қолына алып, жақын маңдағы медициналық мекемеге апарған. Дәрігерлердің айтуынша, сәби шамамен екі сағат бұрын үйде дүниеге келген. Бала шала туған, ауыр халде. Қазір ол перинаталды орталықта, дәрігерлердің бақылауында”, – деді полицейлер.

Полицейлер баланың анасын – 23 жастағы облыс тұрғынын ұстаған. Бұл дерек полицияда тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *