4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Банк қызметкері зейнеткердің 6 миллион теңгесін ұрлаған

Нұр-Сұлтанда банк қызметкері 71 жастағы зейнеткердің депозитінен алты миллион теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қала тұрғыны депозиттен ақша жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған. Қарт адам 2018 жылдан бері депозитке салып пайдаланбаған ақшасын алу үшін банкке келген. Ол банктен шотында жинақ жоқ екенін білген”, – делінген полиция департаменті хабарламасында.

Есіл аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаны жоғалуына банк қызметкерінің қатысы барын анықтады.
Белгілі болғандай, банк қызметкері есепшоттарға қол жеткізе отырып, жәбірленушінің алты миллион теңгесін досының есепшотына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған.

Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Бір күннің ішінде полицейлер шабуыл жасаған адамды анықтап, ұстады.

23 жастағы күдіктіге қатысты “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені белгілі болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *