Қазақстандық оқушылар әлемдік есепте 17-орынға тұрақтады

Оқушыларымыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті. Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл – еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші.
Бұл туралы Оқа-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.

IMO – әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне төлемдер белгілеп, оқушыларға ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына түсуге болатындай жағдай жасағанымызды атап өткім келеді. Олимпиадаға қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич;

Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.

Зияткерлік сайысқа 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және т.б. елдер бар, – деп жазды ол.

Сонымен қатар оқушыларымыз әлемдік есепте 17-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймын! Сіздер елімізді халықаралық аренада лайықты деңгейде, абыроймен таныстыра білдіңіздер. Ақыл-ойларыңыз, қажырлы еңбектеріңіз, табандылық пен ізденімпаз қабілеттеріңіз, білімге деген талпыныстарыңыз жаңа жеңістерге жетелей берсін!

Ұстаздарыңызға, әріптестеріме берген білімдері мен тәжірибелері үшін, ал ата-аналарыңызға сіздерге көрсеткен қолдауы мен тәрбиесі үшін алғыс айтамын, – деді Аймағамбетов.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *