Коронавирус бойынша күніне 4 мың науқас тіркеледі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус таралуына қатысты болжамды айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы үш айға болжам жариялап отырады. Пессимистік сценарий бойынша, күніне 4 мың науқасқа дейін тіркеледі. Реалистік сценарий бойынша, күніне 2,5 мың адамға дейін анықталады. Оптимистік сценарий бойынша, күніне мың науқасқа дейін тіркеледі. Коронавирус жұқтыру тамыз бойы жалғасып, қыркүйекте азаяды”, – деді Ғиният ОКҚ-дағы брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі енді Қазақстанда эпидемиялық аухуалды бағалау матрицасы жаңа әдіспен қаралатынан хабарлаған болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *