4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Қазақстанға қант өткізбек болғандар ұсталды

Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы қызметкерлері ұн мен тыңайтқыш деген желеумен 60 тоннадан аса қантты заңсыз экспорттау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 6 шілдеде “Русско-Полянский” ФМК-да ақ қызылшаның кристалл қант партиясын (29,9 тонна) экспорттау тоқтатылды. Қант партиясы минерал тыңайтқышқа (карбамид) арналған құжаттарға сәйкес экспортқа шығарылған және “Карбамид” (Б сорты) деген жазуы бар ақ полипропилен қаптарға салынған.

“Жүкті тексеру кезінде төгілген қант және қапта қант бар екенін көрсететін таңбалау жапсырмасы табылды. Басқа қаптарды тексеру кезінде оларда қант бары анықталды. Экспортталатын қант партиясының құжаттары болмаған. Партия ұсталды, бұл деректі Омбы кедені тексеріп жатыр”, – делінген Россельхознадзор сайтындағы хабарламада.

Россельхознадзор аумақтық бөлімінің мамандары “Есілкүл” автомобиль және теміржол бекеттерінде биыл 30 маусым мен 8 шілде аралығында шамамен 34 тонна қанттың экспортын тоқтатқаны хабарланды.

Бұған дейін Ресей 2022 жылдың 15 наурызы мен 31 тамызы аралығында қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға тыйым салған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *