4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Нұр-Сұлтан екі ауданға бөлінуі мүмкін

Нұр-Сұлтанның Есіл ауданы екіге бөлінеді. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өзгерістер жақын арада жүзеге асады деп жоспарланған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Жақын арада Есіл ауданын екі ауданға бөлуге тура келеді. Дәл осы Есіл ауданында жыл сайын тұрғындар саны артып келеді. Өйткені жаңа тұрғын үй кешендері негізінен осы ауданда салынып жатыр. Соңғы үш жылда 100 мыңнан аса адам тіркелген. Еліміздің облыстарын алып қарасаңыз, бұл – бес аудан. Есіл ауданы ашылғанда 68 мың адам болса, қазір 350 мыңға жуықтап қалды. Жақын арада 400 мың немесе одан да көп болады”, – деп түсіндірді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әкімнің айтуынша, әкімшілік басқару ыңғайлы болуы үшін ауданды бөлуге тура келеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *