Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«Арапа күні дегеніміз не?»: Бас мүфти құрбан айт қарсаңында маңызды сұрақтарға жауап берді

«Арапа күні дегеніміз не?»: Бас мүфти құрбан айт қарсаңында маңызды сұрақтарға жауап берді
7 июля, 2022
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
34
VIEWS

«Арапа күні – Алла Тағала ардақтаған әрі жасалатын құлшылықтарды артық еткен күндердің бірі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қажылық дегеніміз – Арапа. Кімде-кім Арапаға үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», – деген. Яғни қажылықтың негізгі шарты – Арапа күнгі Арафа жазығындағы дұға. Қажылықтың үш шарты болса, соның бірі – Арафада тұру. Арапа күні қажылыққа бармаған кісі ораза ұстап, нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілесе сауабы өте көп болады. Әсіресе Арапа күні ораза ұстау мұстахаб амалы, сүннет болып саналады. Алайда бұл – ерікті амал. Ұстасаңыз сауабы мол, ұстамасаңыз күнә болып есептелмейді. Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Жоғарыда айтқанымыздай, Арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген. Демек кімде кім шамасы келіп Арапа күнінде ораза ұстаса, өткен және келер жылдағы кіші күнәлары кешіріледі. Ал Құрбан айт күні айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған. Бағзы заманнан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз Құрбан айтты ерекше дайындықпен қарсы алған. Ұлық мейрамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көңілі жабырқаған жанға қуаныш сыйлау, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, сауап алу сынды ізгі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Құрбан айт шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)»(«Хаж» сүресі, 37-аят) делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниет еткен пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды. Адам баласы құрбандық шалу арқылы Алланың берген ризық-несібесіне шүкір етеді. Құдайдың нәсіп еткен мал-дүниесінің бір бөлігін көмекке мұқтаж жандарға үлестіріп, олардың да ақысын беріп, қуанышқа бөлейді. Мұсылман баласының ұлық күнде шынайы ниетпен құрбан шалып, құрбандық етін мүгедектер мен жетімдерге, көпбалалы отбасылар мен қарттарға таратып, олардың алғысын алуға тырысатыны сондықтан», — деді Бас мүфти.

Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құрбан шалатын орындар аталды

Келесі жаңалық

Алматы облысында 63 жастағы зейнеткерді көршісі жауыздықпен өлтірді

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Алматы облысында 63 жастағы зейнеткерді көршісі жауыздықпен өлтірді

Алматы облысында 63 жастағы зейнеткерді көршісі жауыздықпен өлтірді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz