Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатыр

Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты деп тану үшін пара алу дерегі тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

“Антикоррупциялық қызметі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды нысанды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады”, – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *