ТЖД басшысы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (“Пара алу”) бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды, оған қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы – қамауға алу. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатқаны хабарланған болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *