Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Енді оқу жылы маусымның соңына дейін ұзаруы мүмкін

Енді оқу жылы маусымның соңына дейін ұзаруы мүмкін
30 июня, 2022
in Білім
0
0
SHARES
14
VIEWS

Сарапшылар мен кейбір мектеп өкілдері Қазақстандағы оқу жылын маусымның соңына дейін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы мамандар 2022-2023 жылдарға арналған білім беру процесін талқылауға арналған дөңгелек үстелде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың сөзінше, қосымша оқу аптасын қосу күніне өтетін сабақ санын азайтуға, яғни оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайтады. Одан бөлек, оқу жылын ұзарту күрделі тақырыптарды зерттеудің қарқындылығын төмендетеді. Сондай-ақ, жазғы демалыс ұзақтығын қысқарту білім алушылардың білімін жоғалту тәуекелін және мектеп аудиториялық қорына жүктемені төмендетеді.

«Еліміз оқу жылындағы аптасы ең аз елміз — 34 оқу аптасы бар. Дегенмен әлем бойынша каникул ең ұзақ елдердің біріміз — жылына 130 күн. Салыстырмалы түрде Израильде каникул 84 күн, Оңтүстік Кореяда — 90 күн, Жапонияда — 102 күн. Зерттеулерге сәйкес, балалар ұзақ демалғаннан кейін оқыған материалдың 25 пайызын ұмытып қалады. Сондықтан қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға созуды ұсындық — оқу жылын 15 тамыздан бастап 5 маусымда аяқтау. Немесе бұрынғыдай қыркүйектен бастап, 20 маусымға дейін созу», — дейді Binom School басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.

«Әділет» орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мерзімдерді атап өтті.

«Мен 20-25 тамыздан оқушылар оқуға шыға бергені дұрыс деп есептеймін, расында балалар екі аптадай оқу процесіне қосыла алмай жүреді. Біз 20-25 тамыздан бастап, 5 маусымға дейін оқуды ұсынамыз», — дейді ол.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі сарапшылар қоғамдастығының ұсынысы талқыланып жатқанын хабарлады.

«Сарапшылар оқу жылын ұзартуды ұсынып жүргенін білеміз. Айта кетейік, мұндай ұсыныстар сарапшылардан бірнеше жылдан бері түсіп жүр. Оның ішінде, оқу жылын маусымның соңына дейін ұзарту және тамыздан бастау ұсынылды. Олар халықаралық тәжірибеге сүйеніп, түрлі дәлел келтіреді. Бірақ бұл жағдайда нақты бір азаматтардың ұсынысын емес, ғылыми мәліметтерге де сүйену керек», — деді ведомство өкілдері.

Алдыңғы жаңалық

Төрт жылда екі диплом беретін университет

Келесі жаңалық

Шымкентте ЖШС директоры қаржы жымқырды ма?

Ұқсас жаңалықтар

Білім

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

8 ноября, 2022
Білім

Сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17 октября, 2022
Білім

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

17 октября, 2022
Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті
Аймақ

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

29 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Шымкентте ЖШС директоры қаржы жымқырды ма?

Шымкентте ЖШС директоры қаржы жымқырды ма?

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz