4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Білім

Төрт жылда екі диплом беретін университет

Төрт жылдық білім беру бағдарламасында 2 диплом. Мұндайды естіген ба едіңіз? Түркістан қаласындағы халықаралық туризм және меймандостық университетінде осындай мүмкіндік бар. Бұл әлемнің кез-келген жерінде еш кедергісіз жұмыс істеуге мол мүмкіндік.

Бұл Халықаралық туризм және меймандостық университеті. Алғашқы халықаралық деңгейдегі бейіндік оқу ордасы. Бүгінде мұнда 1347 шәкірт білім алады. Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған университет былтырғы жылы 818 студент қабылдаған.

ҚАРЛЫҒАШ АРАЛБЕКОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ М.А:

– Биыл біз жоспарлаудамыз басқа қалалардан абитуренттердің құжаттарын қабылдауды. Былтыр біз 8 студентті басқа шет ел мемлекеттен қабылдаған болатынбыз. Биыл одан да көп шетелдік студенттерді қабылдаймыз деп ойлаймын. Өйткені ең бастысы 4 пән бойынша шет елдік мұғалімдерді жақсы оқытушыларды шақырып жатырмыз.

Халықаралық стандартқа сай білім ошағына өзге аймақтардан 47 маман шақырылған. Мұнда 2 профессор, 16 ғылым кандиттары мен 5 PHD докторлары дәріс береді. Заманауи технологиямен жабдықталған университетте студенттерге үлкен мүмкіндік жасалған. Мәселен, олар теориялық біліммен шектелмейді. Яғни, практикалық сабақтарға аса мән беріледі. Былтырғы жылдың өзінде 100 ден аса студент 5 және 4 жұлдызды қонақүйлерден іс-тәжірибеден өткен.

АҚ – ӘДІЛ АЛАЙДАРОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

– Бізде студенттеріміз тек қана теориялық біліммен емес, сонымен қатар, парктикалық біліммен жетілдіреді. Мысалы, біз әр жылы студенттерімізді Түркия мемлекетіне тағылымдамадан өтуге жібереміз. Мысалы былтырғы жылы 33 студентіміз Түркияның Анталя қаласындағы ірі-ірі қонақ үйлерде тәжірибеден өтті.

Бұл оқу ордасында білім аламын десеңіз, Ұлттық бірыңғай тестілеуден ағылшын тілі және география пәнін таңдауыңыз тиіс. Сондай ақ, туризм саласына қызығушылығыңыздың болуы аса маңызды. Айта кетейік, мұнда студенттер 7 мамандық бойынша білім алады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *