4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет

Аstana LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет – Көлгінов

BaigeNews.kz «2022» бағдарламасының қонағы болған елорда әкімі Алтай Көлгінов еліміздегі ең танымал әрі атышулы құрылыс нысандарының бірі – LRT туралы айтты.

Көлгіновтың айтуынша, жобаның шығынын азайту үшін стансалар мен жылжымалы құрамның санын қысқартуға тура келген.

Біз оңтайландыруды көздедік. Егер бастапқы жобада 18 станса қарастырылған болса, біз әзірге тек сегіз стансаны ұсынамыз. Олар әуежайдан, Пригородныйдан, Қабанбайдың көшелері. Өйткені бұл аралық өте тығыз ораналасқан. Сондай-ақ жылжымалы құрам да қысқарды, жобада 19 жылжымалы пойыз қарастырылған, біз  оның бесеуін қалдырып отырмыз. Жоба бойынша төрт вагон қарастырылған, әр вагонға 150 жолаушы сыяды, бәрін қосқанда 600 жолаушы тасымалдай алады, – деді Көлгінов.

Әкім жобаның бюджетін екі есе қысқартуға көмектескенін айтты.

Қазір бізге жобаны аяқтау үшін 577 миллион АҚШ долларын  керек, бұл бастапқыдан екі есе дерлік аз қаржы, – деді әкім.

Сонымен қатар, әкім жолаушылар тасымалы мен жерүсті көлігінің бағасы туралы да баяндады.

Алдын ала есептеулер бойынша жолаушылар ағыны 25-30 мың . Өздеріңіз білетіндей, ол субсидияланады. Субсидиялау мен техникалық қызмет көрсету үшін жылына үш миллиард теңге аламыз. Субсидияларды есепке алғанда бағаға келетін болсақ, ол айтарлықтай ерекшеленбейді. , бірақ сәл артық. Біз тұтынушы мүмкіндігін ескереміз, – деп қосты Көлгінов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *