4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Ұлытау облысында цемент үнемдеген мердігерге айыппұл салынды

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа ғимарат Жаңаарқа ауылында салынған. Құрылысшылар цементті үнемдеп, жұмыс істеп жатқанын бірінші болып жергілікті тұрғындар байқаған. Олар видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Шағымдардан кейін құрылыс жұмыстарының сапасын арнайы комиссия тексерген. Нысанда бірқатар заңбұзушылық анықталған.

“Заңбұзушылықтар анықталды. Үш қатарды цементсіз салған. Бұл үшін мердігерге 400 АЕК (шамамен 1,2 миллион теңге – еск.) айыппұл салынды, хаттама толтырдық. Техникалық бақылау бойынша 60 АЕК көлемінде айыппұл салдық. Сонымен қатар, оның куәлігін алты айға тоқтаттық”, – деді Қарағанды ​​облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің басшысы Қайрат Қамзин.

Жаңаарқа аудандық құрылыс бөлімінің басшысы да тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Үй “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған. Енді комиссия дәл осы мердігер тапсырған 17 көпқабатты үйдің сапасын тексеруді көздеп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *