4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Жезқазғандағы ЖЭС-тен өрт шықты

Жезқазғанда жылу электр станциясындағы (ЖЭС) өрт салдарынан электр қуаты мен су беру апатты түрде тоқтатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖЭС-тегі өрт шамамен бір сағат бұрын шыққан. Төтенше жағдайға байланысты қалада электр жарығы мен ауыз су жоқ.

“Жезқазған қаласында ЖЭС-те болған төтенше жағдайға байланысты электр жарығы мен суық ауыз су беру үзілді. Өрт сөндіру қызметі өртті сөндіруге кірісті. Нысанда Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов бастаған облыс, қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ “Қазақмыс” корпорациясының өкілдері жүр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр”, – деді Жезқазған әкімдігіндегілер.

Бұл ретте Жезқазған тұрғындары қалада электр қуаты жиі үзілетініне шағымданып жатыр. Салдарынан көпке дейін су да болмайды.

“Бұл масқара қашан тоқтайды, бір күн сайын апат”, – деп жазып жатыр тұрғындар әлеуметтік желіде.

Еске салайық, 8 маусымда Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс пайда болды. Ұлытау облысы – аумақтық жағынан ең үлкен өңірлердің бірі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *