4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Спорт

Түркістандық БАҚ өкілдері республикалық спартакиадан топ жарды

Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды. Спорт додасына еліміздің бірнеше өңірінен сала мамандары қатысты.

Журналистердің Олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен шағын футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады.

Тартысты өткен спартакиадада көш бастаған түркістандықтар қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Ал, жалпыкомандалық екінші орынға Шымкент қаласының командасы қол жеткізді. Командалық үшінші орынға  жергілікті Қарағанды құрамасы жайғасты.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *