4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Қызыл кітапқа енген қызғалдақ үшін айыппұл салынбауы мүмкін

Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар мен лотос үшін айыппұлды алып тастауды сұрады. Ол адамдар бұл өсімдіктердің сирек кездесетінін білмей миллиондаған айыппұл төлеп, несиеге кіріп жататынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“ҚК-нің 335 және 336-баптарында санкциялар өте қатаң. Бүгінгі таңда азаматтарымыз жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлып алғаны үшін миллиондаған айыппұл төлейді. Көп адам олардың Қызыл кітапқа енгенін білмейді.

Мысалы, бірнеше жабайы қызғалдақты жұлып алған адам ұсталды. Оған 8 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл айыппұлды жабу үшін ол несие алып, өзін тығырыққа тіреді.

Мұндай адамдар үшін жазаны жеңілдету қарастырыла ма? Мүмкін, бұл жабайы қызғалдақтар мен лотостарды сирек кездесетін өсімдіктер тізімінен шығарып, Қызыл кітапқа енгізу керек шығар” – деп сұрады депутат Мәжіліс отырысында.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Қазақстан Конституциясының 38-бабына сәйкес барлық қазақстандық қоршаған ортаны сақтауға міндетті екенін айтты.

“Санкциялар тек құқық бұзушыларға қатысты қарастырылған. Сіздің ұсыныстарды жұмыс тобы шеңберінде қарастыруға дайынбыз”, – деді министр.

Еске салайық, Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар жойылу алдында тұр. Белсенділер қазір адамдар сирек гүлдерді жұлуды және таптауды тоқтатпаса, болашақта Оңтүстік Қазақстан далалары гүлдерінен айырылуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр.

Былтыр Шымкент тұрғыны 6 қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін екені хабарлаған болатын.

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *