300-ден астам отбасы 28 миллион теңгені «жеп қойған»

Бұл олқылықтар 24 мыңнан астам іс құжатын саралай келе, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының зерделеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болған. 330 құжат бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі – 28 миллион теңгенің төңірегінде.

Ал, Арыс қаласында тіптен Атаулы әлеуметтік көмек тағайындайтын мекеменің есепшісі мұқтаждарға берілетін қаражатты оңды-солды шашқан. Қазірде бұл іспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігі айналысып жатыр.

Әсия Темірбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

«Заңсыз тағайындалғаны былай тұрсын, атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бермей ведомостьке қол қойылып кетіп жатқан. Сыбайлас жемқорлықтың бірінші ұшы – осы. Сол жердегі есеп-қисап бөлімінің бас бухгалтері туысқанын, інісін, кімі бар бәрін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж болмаса да ведомость толтырып бере берген. Переплатасы өте көп».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *