3 қалада ауа сапасы нашарлайды

17 тамыз, сәрсенбіде күні республиканың көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәрсенбіде атмосфералық ауа сапасы Нұр-сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *