270 мыңға жуық жолаушы тасымалданған

Түркістан Халықаралық әуежайына  – 1 жыл! Осы уақыт аралығында көне шаһарға 267 187 жолаушы келіп-кеткен. Қазір онда 16 бағытта ұшақ қатынайды. Оның 3-і – халықаралық, 13-і ішкі рейс. Айта кетерлігі, 2020 жылдың 1 желтоқсан күні іске қосылып, алғашқы рейсін қабылдаған әуежай қызметіне жыл толуына орнай арнайы мерекелік іс-шара өтті.

Әуежай арқылы бүгінде мына бағыттарда ұшуға болады:

1) «Түркістан – Ыстамбұл» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

 2) «Түркістан – Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

 3) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

 4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

 5) «Түркістан – Алматы» – аптасына 7 рет (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

 6) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

 7) «Түркістан – Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

 8) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (бейсенбі, сенбі, жексенбі);

 9) «Түркістан – Көкшетау» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

 10) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

 11) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

 12) «Түркістан – Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

 13) «Түркістан – Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

 14) «Түркістан – Талдықорған» – аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі);

15) «Түркістан-Петропавл» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

16) «Түркістан-Өскемен» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *