Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлем

100 startup жобаның жұлдызы жанбақ

22 декабря, 2021
in Әлем
0
0
SHARES
22
VIEWS

Өзбекстанда «Ташкент жастар форумы-2021» іс-шарасы өтуде. Форумға өзбек елінің түкпір-түкпірінен келген 15 мың белсенді жас пен елордамыз Нұр-Сұлтан мен  түркі елдерінің рухани астанасы Түркістаннан арнайы делегация қатысуда. Бастамашыл жастардың басқосуына Ташкент шаһарының әкімдігі мұрындық болып отыр. Форумның мақсаты- екі елдің белсенді, іскер жастарының басын қосып, олардың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету. Іс-шара соңында үздік деп танылған 100 стартап қаржылық қолдауға ие болмақ.

Қазақстан мен Өзбекстан жастарының басын қосқан форумды Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев ашып берді. Сонымен қатар ашылу салтанатына өзбек елінің вице-премьері, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов, Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков пен басқа да ведомство басшылары қатысты.

Джахонгир Артыкходжаев, Ташкент қаласының әкімі:

«Президентіміздің Қазақстанға сапары барысында Нұр-сұлтан қаласының әкімімен келісім жасалды. Келісімге сәйкес Қазақстан Үкіметі осы форумға қатысу үшін 31 белсенді жасты жіберіп отыр. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!»

Түркістандық жастардан құралған топты облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерасыл Толебаев бастап барды. Делегаттар қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, опера әншісі Мөлдір Бақытжанқызы бар. Сондай-ақ біздің телеарнаның журналистері Рысгүл Досжан мен Дамира Сайлау да қатысуда.

Ерасыл Толебаев Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы:

«Форумда түрлі сала министрлерімен ашық диалогтар ұйымдастырылуда, онда жастар заманауи білім беру, IT-технологиялар, денсаулық сақтау, қаржылық сауаттылықты арттыру, бизнес және экологиялық мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, пікір алмасуда».

Томарис Махсетова, форумға қатысушы:

«Форумға қатысушылар танымал дизайнерлер мен кәсіпкерлердің шеберлік сабақтарына қатысуға, жазушылармен, Олимпиада чемпиондарымен, сондай-ақ Спорт және кино жұлдыздарымен кездесуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ жастар үшін сән көрсетілімдері, Өзбекстан ұлттық симфониялық оркестрінің концерті өткізілмек».

 

Tags: жастарстартапТашкентфорумӨзбекстан
Алдыңғы жаңалық

Ұшақ билеті 9 000 теңгеге дейін арзандайды

Келесі жаңалық

Түркістаннан көшіп кетушілер күрт көбейген

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

13 мая, 2025
Өзбекстанда да жер сілкінісі болды
Басты жаңалықтар

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

5 марта, 2024
Қазақстан

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

17 октября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Түркістаннан көшіп кетушілер күрт көбейген

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz