4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Cаясат

АҚШ ресейлік олигархтың Қазақстанда тұрған жеке ұшағын қамауға алмақ

АҚШ-тың Федералды прокуратурасы Қазақстанда наурыз айынан бері тұрған жеке ұшақты қамауға алуға ордер берді. Әуе кемесі Мемлекеттік думаның депутаты және ресейлік олигарх Андрей Скочпен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды turkistanzaman The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.
АҚШ-тың Ресей мемлекеттік думасының депутаты Андрей Скочқа қарсы санкциясы алғаш рет 2018 жылы енгізілді. Енді оның Airbus A319-100 ұшағын қамауға алмақшы. Әуе кемесі шамамен осы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан аумағында тұр. Украинада соғыс басталғаннан кейін шенеунікке қосымша санкция салынды. Сонымен қатар АҚШ Скочтың 98 метрлік яхтасы мен тікұшағын тартып алғысы келетінін тұспалдады.

АҚШ Әділет министрлігінің ресми сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, Андрей Скочтың ұшағын қамауға алуға рұқсат берілген.

“Америка Құрама Штаттары санкция енгізген ресейлік олигарх Андрей Скочке тиесілі Airbus A319-100 (Airbus) ұшағын қамауға алуға рұқсат алды”, – делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *