4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Білім

1-сыныптарда математикадан оқу жүктемесі 1 сағатқа ұзартылды

1-сынып оқушылары математиканы аптасына 5 сағат оқиды.

Бұл туралы Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әлия Чокушева 2022-2023 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы дөңгелек үстел барысында айтты.
Алдағы оқу жылында 1-сыныптарда математикадан оқу жүктемесі 1 сағатқа, ал келесі оқу жылында 2-сыныптарда ұлғайтылады. Осылайша бұл сыныптарда математика сабақтары күн сайын өткізіледі. Мысалы, бұрын 4 сағат болса, қазір 5 сағат. Бұл балалардың математикалық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді,-деді Чокушева.

Ол атағандай, тағы да бір маңызды өзгеріс – Өзін-өзі тану пәні.

Бұл пән алдағы оқу жылынан бастап барлық деңгейдегі үлгілік жоспарлардан алынады. Осы пәннің сағаттары 1-11 сыныпқа дейін вариативті компонентке ауыстырылады. Алдағы оқу жылының тағы бір ерекше тұсы бар. Нақтырақ айтқанда, 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі. Бұл курс барлық оқушыға міндеттеліп, арнайы 1 сағат көлемінде өтеді. Курстың мақсаты – білім алушылардың зерттеу, талдау, дәлелдеу, зерттеу дағдыларын дамыту. Сондай-ақ бұл жеке пән емес, курс ретінде қарастыралады. Курс арнайы бөлімдерден тұрады,- деді Чокушева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *