Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында экономиканы әртараптандыру, өндіріс орындарын көбейту және шикізатты терең өңдеу мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл міндеттер Түркістан облысы үшін айрықша маңызды.
Бүгінде өңірде осы бағытта нақты жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға бағытталған мақта-тоқыма кластері. Жоба Түркістан қаласын, Арыс пен Отырар аудандарын қамтиды. Өндірістің толық циклі қалыптасқанда 4 150 жұмыс орнын ашу көзделген.
Мәселенің маңызы тек жаңа кәсіпорындардың ашылуымен шектелмейді. Бұрын шикізат күйінде сатылған мақта енді өңірдің өзінде жіпке, матаға және дайын тоқыма бұйымдарына айналуы тиіс.
Бұл – жергілікті өнімнің қосылған құнын арттыруға, отандық өндірісті дамытуға және жаңа мамандықтарға сұраныс қалыптастыруға мүмкіндік беретін экономикалық бағыт.
Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыруда осындай жобалардың орны ерекше.