Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Өрт пен құрғақшылық соңы: адамзатты не күтіп тұр?

4 октября, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
28
VIEWS

Алдағы 10 жылда Қазақстан электр қуаты тапшылығымен ұшырасуы мүмкін. Бұдан бөлек, климаттың өзгеру қаупі тағы бар. Қазірдің өзінде әлемдік табиғат апаттар тұтас экожүйеге кері әсер етуде. Төрткүл дүниенің назары ауған бұл мәселе Түркістанда да талқыланды. Климаттың жылыну салдары мен оның алдын алу кезеңдері жайында тілші материалында.

 

2021 жылы дала орман өрттері рекордық көрсеткішке жетті. Салдары жаһандық жылынуға алып келіп, табиғат күрт өзгеріске түсті. Төрткүл дүниені алаңдатқан жағдай біздің елімізді айналып өтпесі хақ. Өз тұрғысында кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл ретте  табиғат жанашырлары бас қосып, Түркістанда арнайы форум өткізді. Онда Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы төрайымы Әлия Назарбаева сөз бастап, сын-қатерді азайтуда нақты іс-шаралар пакетін әзірлеу керектігін айтты. Париж келісімі шеңберінде алынған міндеттемелерді тереңдетіп, ұлттық деңгейдегі жағдайға  өз үлесімізді қосуға шақырды.

Әлия НАЗАРБАЕВА, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төралқа төрайымы:

«Климаттың жаһандық өзгеруінің табалдырығы қайтып келмейтін деңгейге жетті.  Бүкіл ел тұрғынының  өмір сүруі үшін апатты жағдай. Температура көтерілуі мүмкін, жауын-шашын біркелкі болмайды, құрғақшылық пен су тасқыны болады, бұл бірінші кезекте Орталық Азия аймағындағы елдерге әсер етеді.  Егер оқиғалар осы сценарий бойынша дамитын болса, барша мемлекеттерде алдын ала болжанбайтын көші-қон процестері бар әлеуметтік жарылыстар болады. Ұжымдық амбициясыз бұл мәселелерді шешу мүмкін емес»

Жиынға қатысқан еліміздің Бас экологы Қазақстан үшін климаттың өзгеруіне күрес басым бағыт болып табылатынын атап өтті.

Серікқали БРЕКЕШЕВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

 «Париж климаттық келісіміне қосыла отырып, Қазақстан атмосферадағы парниктік газдардың құрамын төмендету бойынша қойылған мақсаттарға жету үшін бар күш -жігерін жұмсауға уәде берді. Осыған байланысты тиісті инфрақұрылымды құру мен «жасыл» технологиялар нарығын дамытудың шұғыл қажеттілігі туындайды. Аталған мақсатта біз бірқатар заңнамалық құжаттар әзірлеп, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңды қабылдау арқылы институционалдық негіз құрдық»

Бұдан бөлек, форум жұмысына қоғам өкілдері, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан Парламентінің, Германия елшілігінің, халықаралық ұйымдардың депутаттары, бизнес және экологиялық қоғамдастық өкілдері қатысты. Алқалы жиынға келушілер климаттың жылыну салдарлары мен қатерлері, көміртекті бейтараптықты іске асырудың артықшылықтарын талқылады. Кедергілер мен тосқауылдар мәселелері жайлы сөз қозғап,  сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибелерімен бөлісті.

Tags: жаһандық өзгерісклиматтық өзгеріссу тасқыныэкологиялық ұйымдарӘлия Назарбаеваөрт
Алдыңғы жаңалық

Қара жол да енді қалтаңа «қарайды»...

Келесі жаңалық

Жол бойына тағы 800 камера қойылмақ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

12 ноября, 2025
ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

7 ноября, 2025
КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

3 ноября, 2025
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

7 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Жол бойына тағы 800 камера қойылмақ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz