Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Өлім жазасы алынып тасталды  

14 октября, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
26
VIEWS

ол енді тек соғыс кезінде ғана қолданылады

Бұдан былай терроризм, диверсия сынды қылмыс жасағандар өлім жазасына кесілмейді. Мәжіліс мұндай өзгерістер енгізілген заңды қабылдап та қойды. Соған сай, жазаның бұл түрі ҚР Қылмыстық кодексінің он үш бірдей бабынан алынып тасталады. Ал тиісті құжатты әзірлеген Бас прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, енді олар тек өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ендеше, бұл өзгеріс елімізде лаңкестік пен қаскүнемдік сынды аса ауыр қылмыстардың өршуіне түрткі болмай ма? Толығырақ тілші тарқатады.

Қазақстанда 90-жылдары өлім жазасы 26-дан астам ауыр қылмысқа тағайындалған екен. Ал 2003 жылы желтоқсанда оған мораторий енгізіліп, бұл жаза түрі Қылмыстық кодекстің 13 бабынан алынып тасталған. Осы тұста бірқатар Мәжіліс депутаттары заңдағы аталған өзгерістен кейін елде қылмыс саны өсіп кете ме деп алаңдаушылық білдіруде.

Артур Платонов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Дүниежүзінде болып жатқан жағдайлар лаңкестіктің шекарасы жоқ екенін көрсетіп отыр. Бұл әлемдік қоғамдастық үшін қазіргі заманның басты қаупіне айналып отыр. Ауғанстан мен басқа да елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Ендеше айтыңыздаршы, терроризм, жалдамалылық, диверсия үшін өлім жазасын алып тастау арқылы мемлекетіміз бен азаматтарымыздың қорғанысын әлсіретіп жатқан жоқпыз ба осы?»

Ал Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, өлім жазасымен лаңкестерді тоқтату мүмкін емес.

Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

«Лаңкестікке шімірікпестен баратын террорист, ең алдымен өз өмірін қатерге тігеді. Мұны бәріміз білеміз. Сондықтан тек қана өлім жазасымен лаңкесті тоқтата алмаймыз. Оның үстіне, сіз айтқан қылмыстарға бізде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Бұл да – ең ауыр жаза. Өйткені адам бүкіл өмірін темір торда өткізеді. Бұл бір, екіншіден өз тәжірибемізге көз жүгіртсек, Қылмыстық кодексте кісі өлтіргені үшін өлім жазасы қолданылған кезде аталған қылмыстар қазіргіден екі-үш есе көп болған. Яғни елдегі қылмыстың жай-күйіне өлім жазасының бар-жоғы әсер етпейді»

Түйін: Өлім жазасын жоюға бағытталған негізгі актілердің бірі – Екінші факультативтік хаттама. Құжатты Қазақстан осы жылдың 2 қаңтарында ратификациялады. Онда «хаттамаға қатысушы мемлекеттің сот қарауындағы ешбір адамды өлім жазасына кесуге болмайтыны» туралы айтылған. Бұдан былай Қазақстанда өлім жазасы соғыс кезінде жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстарға ғана қолданылады.

Tags: Артур ПлатоновЗаңтерроризмҚР Қылмыстық Кодексіөлім жазасы
Алдыңғы жаңалық

90 пәтер тұрғындары қараңғылық құшағында қалды

Келесі жаңалық

Отбасы пән ретінде оқытылуы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Отбасы пән ретінде оқытылуы мүмкін

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz