Әр шыршамен 700 келі оттегі келмеске кетіп жатыр

Кәсіпкерлер шыршаны заңсыз сатып жатқан жоқ па? Бүгінгі Сенаттың қорытынды отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев осындай сауал жолдады. Оның айтуынша кәсіпкерлер импорттық тауар деп өз жеріміздегі шыршаны отап жатуы мүмкін екен.

Өйткені ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше Ресейден Қазақстанға биыл 78 мың, өзге ведомостваның дерегінше 106 мың қылқан жапырақты ағаш кіргізілген. Халық қалаулысы Қазақстанда шыршаны жаппай кесуге тыйым салынғанын атап өтті. Алайда заң талаптары қатаңдағанымен жыл басынан бері 224 заңсыз орманды кесу фактісі тіркеліпті. Бұл өз кезегінде үлкен экологиялық проблемаға айналуы мүмкін.

Ақылбек Күрішбаев, Қр Парламенті Сенатының депутаты:

«Бәріміз орманның, жер-жаһанның биосферасына қалай әсер ететінін жақсы білеміз. Биомассаның 90 проценті орманда қалыптасады. Бір ағашты кескен жағдайда біз бір жылда 100-700 келі оттегіден айырыламыз. Ал орманның бір гектары 10 тонна көмірқышқыл газын ұстап қала алады. Әлем бойынша ормандар экономиканы декарбонизиялауға және жасыл технологияларды дамытуға көмектесіп жатады».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *