4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Билік

Әлеуметтік желіде орынсыз айтылған сөз этносаралық араздық туғызуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір елдердегі арандатушылар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Мемлекет басшысы қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.

“Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе6 жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді”, – деді Тоқаев Орталық Азия – Ресей саммитінде.

Президент дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуі керек деп санайды.

“Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкініштісі, кейбір елде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Айыптаулар ештеңеге негізделмеген. Әрине, бұл елдер арасындағы ынтымақтастық атмосферасына теріс әсер етеді”, – деді Тоқаев.

Ол Қазақстан көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін атап өтті.

“Біздің басты мақсатымыз – өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты прогресс үшін қолайлы жағдай жасау”, – деді Тоқаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *