Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Мәдениет

Әлемнің ең үздік аниматорлары Түркістанда бас қосты

1 ноября, 2021
in Мәдениет
0
0
SHARES
45
VIEWS

Екі күнге созылған Халықаралық AMEN анимациялық фильмдер фестиваліне 7 бірдей түркі елі өз туындыларын қосты.  Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған шараның биыл қандай ерекшеліктері болды? Толығырақ тілші материалында.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», « Ақсақ құлан», «40 өтірік» , «Күн сәулесі», «Тағдыр» секілді мульфильмдер баршамызға бала кезден жақсы таныс. Қазақтың тұңғыш мултиапликаторы Әмен Қайдаров есімін аниматор ретінде әлемге танытқан  бұл ғажап туындылар және кейінгі заманауи мультипликаторлар жасап шығарған отандық мульфильдер екі күн бойы көне шаһар жұртына тегін көрсетілді.

Бауырлас түркі елдерінің басын біріктірген байқауға Әзербайжан, Башқұрстан мен Қырғызстан, Түркия  сынды 7 елдің үздік мамандары қатысты. Шараның басты мақсаты – кейінгі ұрпаққа бұл өнердің тарихын дәріптеп,  талантты жастарды ынталандыру

Жәнібек Оразәлі, Қазақстан анимациялық киностудиялар қауымдастығының басшысы:

«Қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдаров атамыздың құрметіне «AMEN» кино фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Яғни, ол кісі қазақтың тұңғыш анимациялық киносын жасап қана қоймай, осының орталығын ашылуына, ананимациялық кино студияның құрылуына тікелей демеуші болып,себепші болған тұлға біз үшін. Сондықтан да кейінгі ұрпақтар ол кісінің атын ұмытпай, қазақтың анимациялық кино өнерін әлемдік деңгейде көтерсін деп кинофестивалдің атын осылай қойып отырмыз»

Биылғы шараның басты ерекшелігі – Түркі дүниесінің рухани астанасында өтуінде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар жарысқа қатысып қана қоймай,  атақты «Диснейдің» режиссерларымен тәжірибе алмасады.

Мақпал Жұмабай, «Әмен» кинофестивалінің президенті:

«Фестиваль – жиналып тойлап тарқап кететін мейрам емес. Бұл шараның өзгешелігі мұнда фестиваль аясында тренингтер мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Мәселе, біздің фестивалімізда «Дисней» компаниясында жұмыс істеген Пакохондс  Булан, «Снежная королева» , «Король Лев» сынды әлемге танымал үздік туындылардың жасалуына қатысқан Александр Доров дәріс оқыды»

Алғаш 2019 жылы Елордада өткен аниматорлар байқауы былтыр карантиндік шектеулерге байланысты онлайн режимде ұйымдастырылды. Биыл Түркістан төрінде өткізіліп, онда түркі әлемінің ең  үздік туындылары анықталып қана қоймай, режиссерлардың өзі да сынға түсті.

Tags: анимациялық фестивальМақпал Жұмабаймультфильмтүркі елдеріӘмен Қайдаров
Алдыңғы жаңалық

Ұшақ билеті қымбаттап барады

Келесі жаңалық

Үш ғасырды көзбен көрген мектеп

Ұқсас жаңалықтар

«Астана Операда» эстон музыкасының концерті өтті
Басты жаңалықтар

«Астана Операда» эстон музыкасының концерті өтті

19 ноября, 2025
Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды
Басты жаңалықтар

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

14 ноября, 2025
ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ
Басты жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ

13 мая, 2025
ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

13 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Үш ғасырды көзбен көрген мектеп

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz