4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Мәдениет

Қазақстанда қанша адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Қазақстанда қанша адам ұлттық спорт түрлерімен айналысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Самат Ерғалиев 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін еске салды. Онда Қазақстан құрама командасының 49 спортшысы сайыстың 5 түрі бойынша бақ сынайды. Комитет төрағасының сөзінше, еліміз бойынша 490 мың адам ұлттық спорт түрлерімен тұрақты тұрде айналысады. Мемлекет тарапынан ұлттық спортты дамыту мақсатында білім беру ұйымдарында ұлттық спорт түрлерін міндетті компонент ретінде енгізу үшін Дене шынықтыру және спорт туралы заңға өзгеріс енгізілгені белгілі болды. “ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұлттық спорттың төрт түрі енді. Олар – асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және саятшылық”, – деді Ерғалиев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *