«Ұтымды тепе-теңдік»: Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің орташа жасы 49 жасты құрайды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің 126 мүшеден тұратын құрамы бекітілді. Кеңес құрамына қоғамның түрлі салаларының өкілдері – депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет және спорт саласының өкілдері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің жетекшілері кірді.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің орташа жасы 49 жасты құрайды. Құрамның жас ерекшелігі әр буын өкілдерінің тәжірибесі мен көзқарастарын ұштастыруға мүмкіндік беретін ұтымды тепе-теңдікті көрсетеді.

Конституциялық заңға сәйкес, Кеңес құрамы этномәдени бірлестіктерден – 42 адам, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардан – 42 адам, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден – 42 адамнан қалыптастырылады.

Жаңа құрамның басты ерекшелігі – қоғамның түрлі әлеуметтік және кәсіби топтарының өкілдерін бір институт аясында біріктіруі. Бұл Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық мүдделерді білдіру және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу міндеттеріне сәйкес келеді.

#ҚазақстанХалықКеңесі #ҚоғамдықДиалог #ҰлттықБірлік #Қазақстан #Қоғам

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *