Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Экономика

Ұрыны қарақшы тонап: жемқордан 45 млн. теңге сұраған…

27 декабря, 2021
in Экономика
0
0
SHARES
67
VIEWS

Алаяқтықты алаяқтықпен жаппақ болды. Облыста  субсидиядағы сыбағасынан қағылғандардың ісін ақша беріп шешпек болған. Ең сорақысы делдал болып жүрген күдіктілер экс шенеуніктер. «45 млн теңге берсең жазаланбайсың» деп таныстарына сенгендер тергеліп жатыр. Бармақ басты, көз қысты қылмақ болғандар жайын Нұрлан Сұлтанбек баяндайды.

Мына кадрлардан қаржы мониторингінің несиелік серіктестік болған ұйымның кеңсесіне баса көктеп кіргенін байқауға болады. Еске салсақ, қалтасын оңай жолмен қампайтқысы келгендер бюджеттің  380 миллион теңгесін жымқырмақ болған еді. Ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард  теңгеден асады.

Дәл осы істі шешіп беремін деп ортаға пысақай алаяқтар күдіктілерден 45 млн теңге сұрап, соңында 18 млн теңге алған. Алаяқтық пен жемқорлыққа жол берген үш экс шенеунік конституция заңынан аттап өтті. Күдіктілер ұсталып, оларға тергеу жұмыстары жүргізілуде

Жандос Кенжебаев, облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының басшысы:

«Түркістан облысы бойынша экономикалық  тергеп-тексеру өндірісінде ҚР кодексінің 190-бабы  4бөлігі 2 тармағы алаяқтық және ҚР 24- бабы 4 бөлігі, 367-баптың 3-бөлігімен яғни пара бепруге адамды азғыру фактісімен қозғалған іс аяқталып, сотқа жолддану үшін іс прокуратураға жолданды».

Айта кестем, елімізде жемқорлыққа қатысты қылмыстық істің әр үшіншісі пара беруге қатысты. Жыл басынан тіркелген 1,5 мыңдай қылмыстың шамамен 500-ден астамы пара беріп, жазаға тартылғандар. Олардың арасында әртүрлі рұқсат қағаздар алуға, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік сатып алуға қатысты пара ұсынғандар көп. Ең ірі жемқорлық оқиғасы, ауыл шаруашылығы саласында орын алған. Жартысына жуығы субсидияға бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты.

Марат Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

«Биыл жемқорлық ісі өткен жылға қарағанда 34 пайызға азайып отыр. Оның өзіндік себептері бар. Біз бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күресте үшбуынды жұмыс жүйесіне көштік. Қазір сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдіктіге қатысты барлық процесуалды шешімдер прокурордың келісімінсіз заңды күшіне енбейді».

Осыған дейін ұсталған күдіктілерді қылмыстық жауапкершіліктен босатып беремін деп алдағандардың өзі қос қылмысты мойындарына арқалады. Оларға қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданған. Дегенмен 18 млн.ды қалтасына баспақ болған үш күдіктінің қай салада жұмыс істейтіні, және аты-жөндері тергеу амалдарына байланысты құпия сақталуда.

Tags: алаяқтықжемқорлықсубсидияқылмыстық іс
Алдыңғы жаңалық

Жаңа жыл тойлауға рұқсат

Келесі жаңалық

Журналистер жаппай жұмыссыз қалды

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

26 ноября, 2025
Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года
Басты жаңалықтар

Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА

25 ноября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Журналистер жаппай жұмыссыз қалды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz