Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі
16 сентября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
81
VIEWS

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангүл Дараева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің келтірген мәліметіне сәйкес, қазір елімізде 2 млн астам зейнеткер бар.

«Жолдау шараларының бірі 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде 5 жылға жоспарланған арттыруды тоқтата тұрумен байланысты болды. Бұл шешім коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына кері әсерін тигізгенін ескере отырып қабылданды. Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылады», — деді Ризвангүл Дараева.
Оның айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу көзделген.

«Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн зейнеткерді қамтиды.Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермейді»,- деді ол.
Сондай-ақ Ризвангүл Дараева БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясы әзірленетінін мәләм етті.

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы активтерін тиімді басқаруды арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясын әзірлеу және зейнетақы активтерін басқаруға инвестициялауда үлкен тәжірибесі бар кәсіби және ашық жеке компанияларды тарту жоспарда», — дейді спикер.
Бүгінде азаматтардың зейнетақы активтерінің бүгінгі көлемі 13 трлн теңгеден асты. Былтыр БЖЗҚ инвестициялық портфелінің табысы 11,13%-ды құрады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда елден 100 мың АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азамат ұсталды

Келесі жаңалық

Назарбаев жұма намазын оқуға келді

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Назарбаев жұма намазын оқуға келді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz