Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

Үй құламай, ешкім тырп етпейтін сыңайлы…

11 октября, 2021
in Uncategorized, Қоғам
0
0
SHARES
38
VIEWS

бүгінде жертөлені алып кеткен лас су борсып, үйдің іргетасы шөге бастаған

Осыдан бір апта бұрын арнамызға жүгінген «Отырар» шағынауданы тұрғындары әлі де ашулы. Кәріз құбыры жарылып, жертөлесі лас суға толған көпқабатты үйлерге содан бері әлі ешбір мекеме көмекке келмеген. «Әне-міне бітіреміз» деген ақжағалылар да жоқ болған. Ендеше, мәселе қашан реттеліп, жертөле тазарады? Алтынбек Әмит баяндайды.

Ұзақ уақыт жатып қалған судың борси бастағаны өз алдына, біртіндеп жертөленің іргетасы шөге бастаған. «Бір аптада барлығын реттейміз», – деп кеткен жауапты сала мамандары ескі скотчты жаңартқаннан басқа түк бітірмеген. Ал тұрғындар лас су дәл осылай жата берсе, қабырғамыз қақырап, шаңырағымыз ортасына түсе ме деп қорқып отыр.

Қуандық Мырзағалиұлы, қала тұрғыны:

«№11 үйдің қасында бойлерный бар, соның жарығын өшіріп кетіп жатыр. Себебі құбырды өткізгенімен, ол жердің электр қуатын ешқандай мекеменің қарамағына өткізбеген. Өйткені энерговетке ақша төленбеген. Сондықтан кәріздің жаман суын тартатын насостар да істемей тұр».

Мәселені шешу үшін тағы да қала әкімдігінің есігін қақтық. Сөйтсек, жертөлені басқан суға әкімдіктің еш қатысы жоқ болып шықты. «Біз қоқыс толған құбырларды ауыстырып, өз міндетімізді атқардық» деген атқамінер жаман суды тазалауға «Түркістан ҚызметСервис»  жауапты деп басын ала қашты. Сондай-ақ «құбырдың жарылуына тұрғындардың өздері кінәлі» дегенді қосуды да ұмытпады.

Алмас Байжанов, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

«Жертөледегі суды сол жердегі қызмет көрсету мекемесі тазалауы тиіс. Яғни ПИК жауапты. Ол біздің қарамағымызға кірмейді. Бізге тек үйдің қабырғасы құлау сияқты айтарлықтай жағдай болса ғана, келіңіздер. Бірақ осы ретте тұрғындардан кәріз құбырларына тұрмыстық қалдықтар тастамауды сұраймыз. Себебі құбырлар көбіне соның кесірінен жарылып жатады».

Ал, ЖШС басшылары керісінше құрылыс бөлімін кінәлап отыр. Айтуларынша, жертөледегі суды тазалау қыруар қаражатты талап етеді. Ондай ақшаны тұрғындардан жинау үшін келісімшарт жоқ. Ал онсыз елден бір тиын да ала алмаймыз.  Сондықтан «әкімдік суды тазартып беруі керек» деп, бізге қайта сонда жөн сілтеді. Ал әрі қарай таза ұстау – біздің мойнымызда дейді олар.

Бақтияр Бердібаев, «Түркістан қызмет сервис» басшысы:

    «Әу баста нысанды «Қайназар» ЖШС мекемесі құрылыс бөліміне өткізуі керек. Олар ТҮКШ-ке, ең соңында водоканалға сенімгерлікке өткізуі тиіс. Енді бізге тазалап суды сорып кетсе, біз сол күйінде таза ұстаймыз. Бірақ олар әлі күнге тазартқан жоқ. Егер ертең ылғалды әбден бойына сіңірген қабырғалар құлайтын болса, оған тікелей құрылыс бөлімі кінәлі болады».

     Қорытынды:  Бір-біріне сілтеп, жауапкершілікті мойнына алудан бас тартқан қос мекеменің қайсібірі кінәлі екенін анықтау – алдағы күннің еншісінде. Әйтсе де жағдайды қала әкімінің өзі шұғыл өз бақылауына алмаса, мәселе жақын арада шешілмейтін секілді. Ал жағдай ушықса, іргетасы ұзақ уақыт бойына борсыған суда қалған көпқабатты тұрғын үйлер құлап, мыңдаған тұрғын далада қалмасына еш кепілдік жоқ.

Tags: жертөлекөпқабатты тұрғын үйлас суӘКІМДІК
Алдыңғы жаңалық

5 мың шақырымға жуық жол жаңарған

Келесі жаңалық

Жалған вакцина құжаты түбірінен жойылады

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

1 августа, 2025
Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
Келесі жаңалық

Жалған вакцина құжаты түбірінен жойылады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

saqnews.kz
26 мая, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz