Қоғамдағы барлық әлеуметтік топты қамтиды – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Кеңес құрамына 126 азамат енді.

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамында этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің мүшелері бар. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, журналистер, кәсіпкерлер, ғалымдар, педагогтер, спорт және мәдениет саласының өкілдері де қамтылған.

Конституциялық заңға сәйкес, Кеңес құрамы үш бағыт бойынша тең пропорцияда қалыптастырылады: этномәдени бірлестіктерден – 42 адам, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардан – 42 адам, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден – 42 адам.

Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның құрамының әртүрлі қоғамдық институттар мен әлеуметтік топтардың өкілдерінен қалыптасуы қоғамдағы түрлі көзқарастар мен ұсыныстарды талқылауға арналған институционалдық алаңды айқындайды.

#ҚазақстанХалықКеңесі #ҚоғамдықДиалог #АзаматтықҚоғам #Қазақстан #ҚоғамМүддесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *