Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде табиғатқа қамқорлық жасау мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау халықтың өмір салтының ажырамас бөлігі болуы керектігін атап өтті.
Шын мәнінде, қаланың тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Бұл жерде адамның ұлтына, қызметіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамаймыз. Бір адамның тастаған қоқысының өзі ертең қоршаған ортаға, қалаға, тіпті өзіміздің денсаулығымызға әсер етуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Отанға деген шынайы сүйіспеншілік кішкентай нәрседен – өз үйіңе, ауылыңа, қалаңа қамқорлық жасаудан басталатынын айтқан болатын. Сондықтан әрқайсымыз барған жерімізді таза ұстап, қоқысты шашпай, өзімізден кейін жинап жүруге дағдылануымыз керек. Бұл – күнделікті өмірдегі қарапайым әрекет болғанымен, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
Қоқысты жерге тастамау, табиғатты ластамау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – қарапайым ғана әрекеттер. Бірақ дәл осындай күнделікті әдеттер қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырады.
Сондықтан «Таза Қазақстан» тек тазалық акциясы болып қалмауы керек. Ол әр адамның өмір салтына айналуы қажет. Тазалықты сырттан біреу келіп қамтамасыз етпейді – ол әрқайсымыздан басталады. Өзіміз мәдениет қалыптастырып, кейінгі ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруымыз керек.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан»