4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Мәдениет

Құлбек Ергөбек 70 жаста

Әдебиет сыншысы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Құлбек Ергөбек 70 жаста. Отырар ауданында дүниеге келген мерейтой иесімен жерлестері кездесу өткізді. Басқосуға зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар қазақ әдебиетінің жанашыры жайында ой пікірлерін ортаға салып, туындыларын талқылады.

Жазушы-публицист, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Жиынға келген зиялы қауым өкілдерінің пікірі осыған саяды. Ғалым алдымен өз өмірінің түрлі белестері жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ кездесуде студенттер баяндама оқып, сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Автор бүгінге дейін 60-қа жуық кітап шығарды. «Арыстар мен ағыстар» атты бес томдық туындысы тағы бар. Ғалымның шоқтығы биік «Жан жылуы», «Мейірім шуағы», «Жазушы шеберханасы» сынды кітаптары оқырман тарапынан жоғары баға алған. Ал, шығармалары орыс, түрік, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылып басылған.

Бас қосуда Ергөбектің еңбегі жайлы, жақсы қасиеттері туралы да айтылды. Құттықтау сөздер жеткізіліп, марапаттарға кенелді. Отырар ауданының Түркістандағы мәдени күндеріне тұспа-тұс келген мерей тойда замандастары құттықтап, алғысын білдірді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *