4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Білім

Қашықтан оқу форматы енгізілмейді – Бас санитар дәрігер

Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір “қызыл” аймаққа кірген жағдайда білім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты. Сөзінше, оқыту онлайн форматқа ауыспайды, деп хабарлайды turkistanzaman Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біріншіден – бұл санитариялық-зарарсыздандыруды күшейту, тазалық жүргізу жиілігін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздандыру. Сонымен қатар кіре берісте сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады”, – деді Айжан Есмағамбетов.

Бас санитар дәрігер қашықтан оқыту форматы енгізілмейтінін мәлімдеді. Алдымен мектептегі тазалық жұмыстары жиілейді. Екінші кезекте оқушылар мен мұғалімдерді термометриядан өткізу жүйесі қосылады. Үшінші кезекте “қызыл” аймаққа өткен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналысын өткізуге тыйым салынады.

“Алда әлі тамыз айы бар. Болжамға сәйкес, тамызда ауру деңгейі артады, ал қыркүйекте қайта төмендейді. Шектеу шараларының толық пакеті оқу жылының басында, жағдайға байланысты жасалады”, – деп түсіндірді ол.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, қазіргі эпидахуалға қарайтын болсақ, оқушыларды қашықтан оқуға жіберу болжанып отырған жоқ. Онлайн режимнің енгізілуі таралатын штамм мен вирус жұқтыру санына байланысты болады екен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *