Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Экономика

Қасқалдақтың қанындай: көліктер «солярка» күтіп жүр…

12 октября, 2021
in Экономика
0
0
SHARES
25
VIEWS

«дизель нарығында олигополия», – дейді сарапшылар

Дизель мәселесі күн өткен сайын күшейіп барады.  Түркістанда аталған жанар-жағармайдың түрін табу – қиынның қиыны. Тапқан күннің өзінде, сапасы нашар. Соның кесірінен көліктердің қозғалтқыштары істен шығып, жолда тоқтап қалып жатыр. Май құю бекеттерінде сағаттап дизель күткен көлік жүргізушілерінің шағымын тілшіміз Назым Қайратқызы тыңдап қайтты.

Бүгін бірқатар жанар-жағармай бекетіне арнайы бардық. Олардың біразында солярка мүлдем жоқ. Енді бірі тек талон арқылы ғана сатады. Алайда кешелі бері көлік жүргізушілері дизельдің сапасы мүлде нашар екенін айтып шағымданып жатыр.

БЛИЦ:

«Сапасы мүлдем жоқ. Бірақ оған қарап жатқан жоқпыз, табылғанды құйып жатырмыз».

«Бізде, Қазақстанда әшейін құйылады. Негізі Ресейде жасалады. Өйткені ол жақта солярка 10 есе сапалы. Біздікінің бәрі қатып қалады. -3 градуста қатып қалды ғой соляркамыз».

Шымкент қаласы мен Түркістан облысына айына орта есеппен 70 мың тонна жанар-жағармай қажет. Стратегиялық тауар болғандықтан, оның тапшылығы мен бағасының өсуі күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасына да тікелей әсер етуде. Бұл дизельдің әр аймаққа берілуін реттейтін механизмнің жоқтығынан дейді «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы:

«Кезінде «Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын реттеу туралы» Заң бар еді. Сол заңға 2016 жылы өзгерістер енгізілді. Бұрын мұнай базасынан бір кәсіпкер бір сыйымдылыққа ғана құятын болса, қазір бір саны жоқ адам құяды. Міне көрдіңіз бе, алыпсатарлар көбейіп кетті. Бұрын бізге сертификат, куәлік беретін еді. Қазір ондай жоқ. Ашықтық пен реттеуші механизмнің жоқтығынан болып жатыр осының бәрі».

Еліміздегі жанар-жағармай нарығына жауапты Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, тапшылықтың туындауына шетелден ағылған транзиттік жүк көліктері әсер еткен. Олар Қазақстан аумағындағы бекеттерден май құяды. Екіншісі – Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тоқтатуы. Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  Ал сарапшылар не дейді екен?

Мақсат Халық, экономист: 

«Тағы бір себебі ретінде монополияны айтып жатыр. Меніңше, олай емес, өйткені монополияда тек бір ғана нақты сатушы болады. Бізде дизель нарығында олигополия деп айтқан дұрыс. Үш-төрт сатушы бар, олар белгілі бір дәрежеде бағалық келісім жасауы мүмкін. Олар кешкі уақытта бірге отырып, бір шай ішсе де бәріңе ыңғайлы бағаны көтерсек, ешкім шығынға ұшырамайды, бәрімізді табысқа кенелеміз деп келісіп алуы мүмкін».

Қысқасы, дизель тапшылығы және бағаның шарықтауы — жанар-жағармай нарығын реттейтін жүйенің болмауынан дейді мамандар.

Tags: баға өсіміжанармайолигополиясолярка
Алдыңғы жаңалық

Агрономдар ауадай қажет

Келесі жаңалық

«Отырарлықтар» қамсыз тіршілікке қайта оралды

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

26 ноября, 2025
Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года
Басты жаңалықтар

Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА

25 ноября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

«Отырарлықтар» қамсыз тіршілікке қайта оралды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz