4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Cаясат

Қаржы вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүние есігін ашқан. Қазақ көлік және коммуникация академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарды.
2008-2010 жылдарда Алматы облысы бойынша Салық комитетінің орынбасары.
2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметті атқарса, 2014-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ретінде қызметін жалғастырды.
2018 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып еңбек жолын жалғастырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *