4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Билік

Қарағандыда роупджампингтегі әйел өлімі: нұсқаушыға қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотында роупджампинг нұсқаушысына қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды turkistanzaman tengrinews.kz тілшісі.

Қазыбек би аудандық соты оны қылмыстық бап бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

“Сот сотталушы Александр Музникасты ҚР ҚК-ның 306-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деп үкім шығарды судья Манат Жұмақаева.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының жеке басын, оның оқиғаға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескергені атап өтілген. Бұған дейін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, марқұмның отбасына жанашырлық танытқан. Қылмыс абайсызда жасалған. Сондықтан сот сотталушыға ең төменгі жаза тағайындады.

Жәбірленуші тараптың талаптары ішінара қанағаттандырылған. Сот сотталушының материалдық жағдайын назарға алып, одан екі жәбірленуші – марқұмның анасы мен оның күйеуінің пайдасына жалпы саны алты миллион теңге өндірді.

Қарағандыда роупджампингтегі әйел өлімі: нұсқаушы сотта соңғы сөзін айтты

Еске салайық, 10 қазанда Қарағандыда роупджампингте 33 жастағы әйел қаза болды. Ол “Созвездие” қонақүйінің төбесінен секіріп, ауыр жарақат алды. Ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, бірақ дәрігерлер құтқарып қала алмады. Әлеуметтік желілерде әйелдің секіргендегі видеосы тараған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *