4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қазақстан

Қазақстан құрамасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы жауынгерлік қанат жаюда әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды  baq.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қарағанды қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында жарыстың соңғы кезеңі өтті.

9 ерлер және 5 әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдағы біріншілік үшін күресті. Өрт сөндіру-құтқару спортының бұл командалық түрі өртке келген кезде өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерін имитациялайды. Бұл кезеңнін мәні – магистральдық жең желісін тез және дұрыс төсеу және нысанды су ағынымен «зақымдау». Нысана ортасындағы тесік арқылы сыйымдылықты он литр су толтырғаннан кейін зақымданған болып саналады.

Ерлер командалары арасындағы жарыс 25,55 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының құрама командасының жеңісімен аяқталды.

2 орынды 26,85 секунд нәтижесімен Чех Республикасының командасы иеленді. 3 орында 27,14 секунд нәтижесімен Австрия Республикасының құрамасы.

Тартысты күрес қорытындысы бойынша әйелдер командалары арасында 1 орынды 26,35 секунд нәтижесімен Чех Республикасының командасы иеленді. 2-ші орында 26,67 секунд нәтижесімен Беларусь Республикасының командасы. Үшінші орынды 27,04 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының командасы иеленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *