4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Аймақ

Қазақстан Президенті көрші елдерді Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы әлеуетін пайдалануға шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Ресейді бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін елордадағы «Орталық Азия-Ресей» саммитінде Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға тың серпін беріліп отырғанын айтты.

«Перспективалы Солтүстік-Оңтүстік дәлізін одан әрі қарай дамытуға ерекше назар аудару керек. Шығыс Азиядан Парсы шығанағы елдеріне ең қысқа жол ашатын Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолының әлеуетін барынша тиімді пайдалануға болады», – деді.

Осы орайда Президент ресейлік әріптестердің осы бағытты белсендірек пайдалануға деген қызығушылығын құптайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қарағанда, өңір елдеріндегі көлік бағдарларынан өзара тиімділікті қамтамасыз ету тұрғысында инфрақұрылымды жаңғырту мен транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін арттыру мәселелерін бірлесе шешу қажет екенін атап өтті.

«Атап айтқанда, серіктестерді бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз», – деді Қазақстан Президенті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *